Үкімет 2011-2013 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев таныстырған 2011-2013 жылдардың бюджет жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет 2011-2013 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады

Министрдің сөзіне қарағанда, 2011 жылы республикалық бюджетке түсетін қаржының жалпы көлемі 4049,5 млрд. теңгеге тең болмақ. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда, 671,1 млрд. теңгеге артық немесе 20 пайызға көп. Ал 2013 жылға дейін бюджеттің көлемі 4779,4 млрд. теңгеге өспек. «Ал шығындарға келетін болсақ, 2011 жылы - 4651,9 млрд. теңге, 2012 жылы - 4955,6 млрд. теңге, ал 2013 жылы республикалық бюджеттің шығындары 5161 млрд. теңгеге дейін көтеріледі. Болжам бойынша түсімдер 2636,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл осы жылмен салыстырғанда, 799,4 млрд. теңгеге артық», - деп атап көрсетті Б.Жәмішев.

Отырыс барысында министрлер кабинеті 2011-2013 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады.