Үкімет «2011-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңды жүзеге асыру туралы қаулыны мақұлдады

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет отырысында «2011-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңды жүзеге асыру туралы қаулы мақұлданды.
None
None

Аталған құжатты Министрлер кабинеті мүшелерінің назарына еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішев ұсынды. Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа бюджет кодексі талаптарына сәйкес қалыптастырылған Қаулы жобасы 2012 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған шығыстарды дер уақытында орындау мақсатында мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмаларды қамтиды.

«Бұл - облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты ағымдық трансферттердің сомасын бөлу, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша қаражаттарды бөлу, өңірлерді дамыту, сумен жабдықтау бойынша бюджеттік бағдарламаны, құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігіне беруге байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің шығыстарын түзету, мемлекеттік міндетті тапсырмалар тізбесі, басымдықты инвестициялар тізбесі» - деді министр.

Соңғы жаңалықтар