Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған «ҚР Тілдерді дамыту бағдарламасын» дайындауда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап көрсеткеніндей, бұл бағдарламада мемлекеттік тілді дамытудың кешенді жұмыстарына ден қойылып, қазақ тілінің функцияларын кеңейтуге бағытталған шаралар енгізіледі. Сонымен қатар елде тілді оқытудың әдістемелік базасы, оқулықтар мен оқыту үдерісі көрініс табады.
«Тіл - Қазақстан халықтарын ұйыстыратын, бірлігін нығайтатын фактор. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша, Мәдениет министрлігі басқа да ведомстволардың және Қазақстан қоғамдастығының талқылауына сала отырып, аталмыш бағдарламаның жобасын дайындауда», дейді Ж. Құрманғалиева.
ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған конференцияға республиканың әр аймағынан 120-ға тарта тіл мамандары келген. Олар мемлекеттік тілді дамытудың мәселелерін талқыға салуда. «Бұл конференция 2011-2020 жылдарға арналған «ҚР Тілдерді дамыту бағдарламасын» жасақтау барысын талқылаудың бір кезеңі», дейді министрліктің жауапты хатшысы.