12:52, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Үкімет 2012-2014 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті мақұлдады
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды.
«2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға елдегі экономикалық ахуалға жүргізілген сараптама базасында 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің төмендеуі күтілуі нәтижесінде 2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша іс жүзіндегі түсімдерді ескерген есептер негіз болып табылады», - деді құжатты таныстырған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, шығыстардың қысқаруы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, жалақы сынды міндеттердің орындалуына кедергі.
«Жобаны нақтылау тапшылықтың 983,1 млрд. теңге дейін немесе ЖІӨ-нің 3,1 пайызы көлемінде артуын болжайды», - деді Б.Жәмішев.