11:39, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Үкiмет 2014 жылдың ең үздiк инвесторларын марапаттамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда Үкiмет 2014 жылдың ең үздiк инвесторларын марапаттайды. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз қызметшiсi Әсет Мұқажанов мәлiм еттi.
«18 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi 2014 жылғы Қазақстандағы үздiк инвесторларды марапаттау рәсiмiн өткiзедi. Салтанатты iс-шаралар аясында Риксос қонақүйiнде баспасөз-конференциясы өтедi», - дедi ол.
Айта кетейiк, Қазақстан - Орталық Азия мемлекеттерi арасында шетел инвестицияларын тарту бойынша көшбасшы ел.