Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үкімет басшысы Алматы облысына сапарын Достық үйінде қорытындылады

АЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында бүгін Алматы облысына жасаған сапарын Достық үйінде қорытындылады,

Үкімет басшысы   Алматы  облысына сапарын  Достық үйінде    қорытындылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Достық үйі 2008 жылы қарашаның 28-і күні ашылған болатын. Онда 23 облыстық этно-мәдени бірлестіктің кеңселері, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығы орналасқан. Еліміздің басқа өңірлерінде Достық үйі бейімделген немесе қайта жаңартылған орын-жайларда орналасқан болса, Талдықорғандағы Достық үйі о бастан ұлттық-мәдени орталықтардың жұмыс ерекшеліктері мен талаптарына сай жаңадан салынған.

«Нұр Отан» партиясының Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі Алматы облысы бойынша жалпыұлттық науқаны аяқталды.