Үкімет басшысы Алматыдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматыдағы жұмыс сапары барысында бірқатар құрылыс нысандарында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үкімет басшысы сапарын ең әуелі Райымбек-Фурманов көшелерінің қиылысындағы метро құрылысын көруден бастады. Райымбек стансысынан Жібек жолы стансысына дейінгі аралықты аралаған Кәрім Мәсімов жұмыс сапасына көңілі толатынын білдірді. Бұдан кейін ол 350 орындық жедел қызмет көрсетуге арналған аурухана құрылысымен танысты. 1,763 гектар жерді алып жатқан жаңа аурухана биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек. Қазіргі кезде Алматыда жедел диагностика мен ауыр науқастарға шұғыл қызмет көрсетуге бағытталған толыққанды аурухана жоқ. Ескі станционар техникалық жағынан тозған.«Салынып жатқан жаңа ауруханада 4 жансақтау бөлімі, 9 операциялық бөлім, басқа мақсаттарға арналған 7 бөлім бар. Мұндай аурухана соңғы 30 жылда тұңғыш рет салынып отыр», - дейді құрылыс жүргізушісі «НИК» ЖШС директорының орынбасары Светлана Шмуратко. Оның айтуынша, жалпы құрылыс жұмыстарына 7 миллиард 318 миллион теңге бөлінген. 2006-2008 жылдар аралығында 1 миллиард 916 миллион теңге игерілген. Ал биылғы жылға 1 миллиард 347 миллион теңге қарастырылып, қазіргі уақытта оның 741 миллион 500 мыңы жұмсалды.
Соңғы жаңалықтар