Үкімет басшысы барлық министрліктер мен ведомстволарға стратегиялық жоспарларын веб-сайттарында жариялауды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов барлық министрліктер мен ведомстволарға стратегиялық даму жоспарларын жеке веб-сайттарында жариялауды тапсырды.Ол бұл тапсырманы бүгін Астанада Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысының айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларын Премьер-Министр ғана емес, әрбір бұқаралық ақпарат құралдары, әрбір журналист, тұтастай алғанда қоғам біліп отыруы тиіс. "Бұл әкімшілік реформаның нақты іске асуы", деп атап көрсетті Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар