Үкімет басшысы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да болды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сенбі күні жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да болды.
None
None

К.Мәсімов облыстың бірнеше кәсіпорнының жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, бұлар - «Оралагрожөндеумаш», «Орал «Зенит зауыты» «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының «Гидроприбор» акционерлік қоғамдары.

Қазақстанда тұңғыш рет төмен және жоғары қысымдағы турбиналар роторын жөндеу, турбина ернеуін қалпына келтіру,  жану камералары мен агрегаттардан газ айдау подшиниктерін жөндеу технологиялары игерілді. Компания Қазақстанда бұрын-соңды болмаған алғашқы газ айдау агрегаттарын және газтурбиналық стансыларды жасауды жоспарлап отыр.

«БҚМК» АҚ 2003 жылы бұрын қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорны болып келген «Металлист» зауытының базасында құрылды.

Соңғы жаңалықтар