Үкімет басшысы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  Бүкіләлемдік туристік ұйымының Бас хатшысы Франческо Франжиаллимен кездесті,
None
None

деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бүкіләлемдік туристік ұйым арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ, биылғы қазан айында Астана қаласында өтетін Бүкіләлемдік туристік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясына дайындық және оны өткізу мәселелері талқыланды.

Ф.Франжиалли Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының сессиясын сәтті өткізуге дайындық жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар