Үкімет басшысы еліміздің әр өңіріне Маңғыстау облысына 100 млн.теңгеден көмек беру жөнінде тапсырма берді
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына еліміздің әр өңіріне 100 млн. теңгеден көмек беруді тапсырды. Бұл туралы Үкімеит басшысы Кәрім Мәсімов жыл қорытындысына арналған Үкімет отырысында айтты.
Үкімет басшының айтуынша, бұл қаржы өңірдегі тиісті резервтерге бөлінуі тиіс.
Атап айтқанда, бүгінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ө. Шөкеевтың басшылығымен Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік салдарын жоюға байланысты үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар қаланың әлеуметтік, экономикалық жағдайын қалпына келтіру шараларын атқаруда.