13:50, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
                                        Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов І «KADEX-2010» халықаралық көрмесінде болды
                                            АСТАНА.  Мамырдың 28-і.  ҚазАқпарат  -   Бүгін   Премьер-Министр Кәрім Мәсімов    Астанада   Қазақстан Әскери-Әуе күштерінің  авиациялық базасының аумағында өтіп  жатқан Қару-жарақ, әскери техника  және  әскери-техникалық мүліктердің   І  «KADEX-2010»  халықаралық көрмесінде    болды, 
                                        
                                        
                                     
                                              деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Көрмеге әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам компанияның қару-жарақтар мен әскери техника, IT-технология және байланыс, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ тыл мүліктері мен әскери медицина салаларының өнімдері қойылып отыр.
Премьер-Министрдің назарына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери техника үлгілері мен арнаулы бөлімдерінің қатысуымен көрнекі бағдарламасы ұсынылды.