Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

АҚТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екікүндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.
None
None
Ұшақтан түскен бойы Үкімет басшысы Ақтау халықаралық әуежайының жаңадан салынып жатқан терминалының және қайта жаңартылып жатқан ұшып-қону жолағының құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Концессиялық негізде құрылысы жүріп жатқан әуежай терминалы мен ұшу-қону жолағын Түркияның «Туркуаз Инвест» ЖШС жүргізуде. Жобаға тапсырыс беруші - Маңғыстау облысы әкімдігі. Жаңа жолаушылар терминалында 2 телескопиялық элеватор саты, төлқұжаттық кабиналар, автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі, VIP, CIP залдары, дәмхана, мейрамхана, дүкендер, ана мен бала бөлмесі, намазхана, асхана сияқты қажетті нысандардың бәрі қарастырылған. Жалпы аумағы 13 300 шаршы метр. Сағатына 450-500 жолаушы қабылдайтын әуежай ғимараты елімізде концессиялық тетікпен салынып жатқан алғашқы әуежайдың бірі. Жобаның құрылысына 3 751 000 000 теңге қаржы қарастырылған болса, оның бүгінде 3 025 000 000 теңгесі игерілген. Екі қабатты ғимараты бой көтерген терминалдың бүгінде автотұрағы мен жолдары, электрмен қамту желісі, ішкі-сыртқы қабырғалары, эскалаторлары мен жүк конвейері, электронды жүйелер желісі, өртке қарсы қондырғылары толық аяқталған. Жаңа әуежайдың құрылысында 300-ден астам адам еңбек етіп жатса, оның 60 пайыздан астамы отандық жұмысшылар. Терминал құрылысын көргеннен соң Кәрім Мәсімов «Самал» қонақүй кешенінде болып, онда облыста атқарылып жатқан бірқатар жобалармен танысты. Олар - «Каспий мұнай өңдеу зауытының», «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының облыс аумағын толық ауқымда қамту жобалары.
Соңғы жаңалықтар