Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат министріне теледидар мен радио эфирлердегі қазақ тілі үлесінің үнемі артып отыруын қадағалауды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке теледидар мен радио эфирлердегі қазақ тілінің үлесінің үнемі артып отыруын қадағалауды тапсырды.
None
None
Ол бұл тапсырманы бүгін осы министрліктің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақ тіліндегі газет-журнал, кітаптардың тиражын көбейту керек. Бұл да министрліктің басты назарында болуы тиіс», деді өз сөзінде Үкімет басшысы. К. Мәсімов министрлікке еліміздегі театрлардың репертуарларына да баса назар аударуды жүктеді. «Жаңа шығармалар, қазіргі заманға, тәуелсіздігімізге қатысты туындылар жоқ. Министрлік бұл мәселемен де жақсылап айналысуы керек», деп қадап айтты Үкімет басшысы. Премьер-Министр ешқандай заң, бұйрық, қаулы арқылы тілдің мәселесі шешілмейтініне тоқталып, тілді үйрену үшін жүректен әмір болуы керектігін атап көрсетті. «Мен мұны өз іс-тәжірибемнен білемін», деді К. Мәсімов.«Үкімет мемлекеттік тілді дамыту үшін барынша жағдай жасайды. Алайда, тек үкіметтік шаралармен шектелмеу керек. Бұл ? халықтық іс. Мемлекеттік тілді дамыту өз елін, ұлтын, Отанын сүйетін әр азаматтың парызы болуы тиіс», деген К. Мәсімов әрбір зиялы қауым өкілін мемлекеттік тілді халық арасында насихаттауға шақырды. «Елбасы ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болу міндетін алға қойды. Халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, ана тіліміздің бәсекеге қабілеттілігінен басталады. Яғни, сіз бен біз осы жауапты іске абыройлы қызмет етуіміз қажет», деп тұжырымдады сөзін Қазақстан Үкіметінің басшысы.
Соңғы жаңалықтар