Үкімет басшысы нарықтағы үлесте отандық өнімнің көлемін ұлғайту үшін өнеркәсіп өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырды
«Өндірістік зауыттарды жаңғыртпай, қайта құрылымдамай, ілгері дамуға аяқ баса алмаймыз. Жаңа технологиялар мен жабдықтар қажет. Онсыз бәсекеге қабілетті өнімді шығара алмайсыздар. Сапасыз тауарларды ешкім де сатып алмайды. Оған Үкімет те қолдау көрсете алмайды», - деді С.Ахметов.
«Он жылдың ішінде Қазақстан мұнай өндіру көлемін 25 млн. тоннадан 38 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. ТШО, Қашаған, Қарашығанақ сынды жаңа жобалар іске асырылады. Оған қажетті жалпы инвестицияның көлемі 200 млрд. доллардан асады. Бүгін статистика мен талдау көрсетіп отырғанындай, бұл жобадағы жұмыс пен қызмет көрсету бойынша қазақстандық үлес 50-60 пайызды құраса, тауарлар үлесінде машина жасау саласы өнімдерінің көлемі 5-6 пайызды ғана алады. Осы көрсеткішті жылына 2 пайызға арттырып отырсаңыздар, машина жасау саласына құйылған инвестициялардың үлкен көлемін бірден сезіне бастайсыздар», - деп атап өтті ол.