Үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыстан қысқарған адамдар үшін арнайы курстар ашуды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Индустрия және сауда министрлігінің жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ облыс әкімдерімен бірлесіп өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыстан қысқарып қалған адамдарға арналған даярлау және қайта даярлау курстарын ашуды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алқада Үкімет басшысы ағымдағы жылы жұмыссыздықтың ұлғаюына жол бермеу басты міндет екенін, өйткені бұған алғышарттар барын атап көрсетті. Министрлікке білім министрлігімен және облыс әкімдерімен бірлесіп егер бірқатар кәсіпорындарда жұмысшыларын қысқарту болған жағдайда қолданыстағы оқу орындарының немесе кәсіпорындардың базасында оларды даярлау және қайта даярлау курстарын ашуды тапсырды. К. Мәсімовтың айтуынша, адам жұмыстан шығып қалған жағдайда тым болмағанда осы кезеңде жаңа кәсіпті меңгергені немесе өзінің біліктілігін арттырғаны жөн. «Бұл біздің дағдарысқа қарсы бағдарламаға енгізілген шешуші міндеттердің бірі. Сізге осы мәселені ең алдымен өнеркәсіптік кәсіпорындар саласында қолға алу қажет. Бұны әкімдіктер жасап жатқан бағдарламалармен үйлестіру керек», - деді К. Мәсімов министр В. Школьникке.
Соңғы жаңалықтар