Үкімет басшысы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайында болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына ат басын тіреді.
Мұражай қызметкерлері Кәрім Мәсімовті І.Жансүгіровтың өмірімен және шығармашылығымен таныстырды.
Мұражай ғимараты 1907 жылы салынған. 1918-1976 жылдары бұл ғимаратты түрлі ұйымдар пайдаланған, олардың қатарында «Октябрь туы» газетінің редакциясы да болған. 20-шы жылдары бұл жерде Жетісу уездік атқарушы комитеті отырған кезде І.Жансүгіров Ақсу ауылынан жұмыс бабымен жиі келіп тұрған. 1984 жылдың мамыр айында І.Жансүгіровтың 90 жылдығының құрметіне ғимаратта ақынның әдебиет мұражайы ашылды.
Мұражайдағы 6 көре залында 6 мыңнан астам жәдігер сақталады. Мұражай сәулет ескерткіші ретінде - мемлекеттік қорғауында.