Үкімет басшысы ТЖМ-ға мерекелер қарсаңында төтенше жағдайларды болдырмауға байланысты тексерулер жүргізуді тапсырды

А. Желтоқсанның  7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  ТЖМ-ға алдағы келе жатқан мерекелер қарсаңында төтенше жағдайларды болдырмауға байланысты  тексерулер жүргізуді тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Пермь қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Ресей тарапына  көңіл айтамын», деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Пермь қаласындағы түнгі клубтардың бірінде болған өрттің салдарынан 112 адам қаза тапты. «Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне, Астана мен Алматы қалалары және облыс әкімдіктеріне алдағы мерекелер - Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл қарсаңындағы өтетін шараларға байланысты төтенше жағдайларды болдырмау тұрғысында  тексерулер жүргізуді тапсырамын», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар