Үкімет басшысы ҮИИДБ аясында І жартыжылдықта іске қосылып отырған индустриялық-инновациялық нысандармен танысты
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталатын Индустриялық-инновациялық форумның дайыдық барысымен танысты, деп хабарлады http://vkontakte.ru/kmassimov сайтында.
Премьер-Министр 3 шілде күні «Көрме» орталығында болып, 2011 жылдың І жартыжылдығында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында іске қосылатын индустриялық-инновациялық жобалардың таныстырылымының дайындық барысымен танысты.
Премьер «Қазақстандық қамту-2011» көрмесінде болып, қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың арқасында өз өндірісін жолға қойған отандық кәсіпорындардың өнімдерімен танысты. К.Мәсімов сондай-ақ бүгін, 4 шілде күні Индустриялық-инновациялық форум аясында Мемлекет басшысына баян етілетін 75 индустриялық нысанның көрмесімен де танысты.
Кәрім Мәсімовпен бірге көрмені Қырғызстан Премьер-Министр Алмазбек Атамбаев та аралады.
Бұл туралы толығырақ http://pm.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov блогынан оқи аласыздар.