Үкімет басшысының бірінші орынбасары Каспий машина жасау кешенінде болды

АҚТАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Маңғыстау облысындағы сапары Каспий машина жасау кешенінде жалғасты.
None
None
Мұнай-газ саласына қажетті отандық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорын жергілікті сұраныс рыногын қамтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Вице-премьер жұмысымен танысқан өнеркәсіп кешені 2003 жылы құрылған. Кәсіпорын химия саласы, бұрғылау және мұнай өндірісіне қажетті, жарылудан сақтандырылған электрлі техникалық қондырғылар, сондай-ақ жоғары қысымға төзімді түтікшелер мен құбырларды жобалау, жасау, монтаждау және жөндеумен айналысады. Кешен өнімін негізінен өңірдегі мұнай-газ игеруші компаниялар тұтынады. Өткен жылы кәсіпорын 5,6 млрд. теңгенің өнімін шығарды.
Соңғы жаңалықтар