Үкімет басшысының қатысуымен 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

nbsp; АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті.
None
None

Атап айтқанда, Қазақстан жалпы командалық есепте 5-ші орынды иеленді. 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-ші орынды - Қытай, 2-ші орынды - Ресей, 3-ші орынды - АҚШ, 4-ші орынды Оңтүстік Корея командалары еншіледі.

Қазақстан жүлдегерлерінің қанжығасына 3 алтын және 2 күміс медаль байланды, сондай-ақ бір грамота табысталды. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық математикалық олимпиада биылғы жылғы шілденің 6-сы мен 12-сі аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Аталған білім сайысында әлемнің 100-ден астам елінен дарынды балалардан құралған командалар қатысты.

Олимпиадаға қатысушыларды құттықтай келе К. Мәсімов, барша әлемнің дарындарын Қазақстанда қабылдау үлкен мәртебе екенін айтып өтті. «Бұрындары кез келген жас математиктің арманы Мәскеуде және Новосібірде өтетін жалпыодақтық олимпиадаға қатысумен шектелетін. Ал қазір елдердің әрқайсысы халықаралық олимпиадаларға қатыса алады. Бұл - біздің тәуелсіздігіміздің жетістігі», - деді Үкімет басшысы.

Мұнымен қоса салтанатты шара барысында Премьер-Министр 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың ең жоғары балына қол жеткізген абсолютті чемпионның аты жазылған хатқалтаны ашып, оның есімін жариялады. Осы чемпион атағын қытайлық оқушы Нье Зыпей (Nie Zipei) иеленді. Сондай-ақ бүгінгі шарада олимпиада жеңімпаздары да марапатталды.

51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың қазақстандық жүлдегерлерінің ішінде алтын медальды Қанат Сатылханов (математика пәнінің мұғалімі - Нұрқиса Доскендірова, жаттықтырушысы - Сергей Полянских, Талдықорған қаласы, №20 мектеп-лицей), Нұрсұлтан Қажымұратов (математика пәнінің мұғалімі - Валентина Корягина, жаттықтырушысы - Сергей Полянских, Талдықорған қаласы, №20 мектеп-лицей), Денис Овчинников (математика пәнінің мұғалімі - Олег Пак , жаттықтырушысы - Олег Пак, Алматы қаласы, №134 мектеп-лицей) иеленді. Күміс медальға Рауан Рахмет (мұғалімі - Муаммер Гюль, жаттықтырушысы - Муаммер Гюль, Астана қаласы, қазақ-түрік лицей), Медет Жанболатов (мұғалімі - Жанат Байсүйелова, жаттықтырушысы - Дәурен Есмұханов, Алматы қаласы, РАФМОМИ) қол жеткізді. Ал грамотаны Азамат Дүйсенбаев (мұғалімі Ғалия Соғамбаева, жаттықтырушысы - Ғалия Соғамбаева, Алматы қаласы, РАФМОМИ) алды.

Соңғы жаңалықтар