Үкімет басшысының қатысуымен Ақпараттандыру және байланыс агенттігі алқасының кеңейтілген мәжілісі өтеді

2009 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2010 жылғы жұмыс жоспарларына арналған бұл жиынға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Алқалы отырыс барысында Агенттік төрағасы Қуанышбек Есекеев «Агенттіктің 2009 жылғы жұмысы және 2010 жылғы міндеттері туралы» деген тақырыпта баяндама жасайды. Мәжілістің бірінші бөлімінде сондай-ақ «Зерде» Ақпараттық-коммуникативтік холдингі» акционерлік қоғамы мен «Техникалық қолдау және телекоммуникация саласындағы талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшығының баяндамалары тыңдалады. Алқа мәжілісінің бірінші бөлімінің қорытындысы бойынша Премьер-Министр Кәоім Мәсімов қорытынды сөз сөйлейді.
Ал жиналыстың екінші бөлімінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Kazsatnet Ұлттық компаниясы» АҚ, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС, «Қазконтент» АҚ, «Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті» АҚ және т.б. компаниялардың басшылары баяндама жасайды деп күтілуде.