20:23, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Үкімет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 6-сы күні, Парламент Мәжілісінің отырыс залында Үкіметтің қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Осы жиынға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік холдингтердің басшылары қатысады. Отырыста Үкіметтің Ұлттық банкінің және Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөнінде 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сөз сөйлейді деп күтілуде.Отырыстан кейін «Нұр Отан» фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Кенжеғали Сағадиев пен Аманжан Жамалов журналистерге арнап брифинг өткізеді.