Үкімет берілген тапсырмаға сәйкес инфляция деңгейін сақтап қалды ? В.Школьник

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі инфляция деңгейін 10 пайыздық көрсеткіште сақтап қалу бойынша Үкіметке берілген тапсырма ойдағыдай орындалды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылда тұтыну тауарларының бағасы 9,5 пайызға өсті. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары ? 10,8, басқа тауарлар ? 5,7 және ақылы қызметтер 11,4 пайызға көтерілді. «ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, өткен жылдың соңғы екі айында сүт, маргарин, жұмыртқа және кейбір ұн өнімдерінің бағасы өсті. Ал жеміс-жидек, көкөніс, күнбағыс майы, нан, ұн, және күріштің кұны арзандады. Сондай-ақ тұрғын үй - коммуналдық, электрқуат және орталық жылу қызметтері бойынша бағаның төмендегені байқалып отыр. Жалпы алғанда, елімізде инфляция деңгейін 10 пайыздық көрсеткіште сақтап қалуға мүмкіндік туды», - деді В.Школьник. Министр атап көрсеткендей, 2008 жылдың алғашқы екі айында ғана Ресейдегі инфляция деңгейі 12,5 пайызды құраса, Беларуста ? 12,0 және Украинада 19,8 пайызға тең болды.
Соңғы жаңалықтар