Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Министрлер кабинетінің отырысында Экономиканы және қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы бақылау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мен аталмыш іс-шаралар жоспары айтарлықтай егжей-тегжейлі пысықталды деп санаймын. Онда дағдарысқа қарсы бағдарлама алғаш жарияланғаннан бері туындаған сұрақтарға жауаптар бар», деді Премьер-Министр К. Мәсімов. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл құжат 8 бөлімнен тұрады. Онда 2008 жылдың аяғында қабылданған бірлескен іс-қимыл жоспарында белгіленген 5 басымдықпен қоса макроэкономикалық тұрақтандыруды қолдау, «Қазақстанның 30 корпоративтік көш басшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету және халықтың осал топтарын қолдау сынды үш бағыт көзделген.«Жоспардың іске асырылуы бойынша мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру және жедел бақылау мақсатында орта мерзімді сипаты бар шаралар, сондай-ақ кезең-кезеңге бөлінген әр іс-шаралардың нақты орындалуы көрсетілген. Барлық іс-шаралар бойынша мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазАгро» холдингі жауапты орындаушылар ретінде анықталған және жоспарды нақты іске асыру мерзімдері белгіленген», деді Б. Сұлтанов.Оның сөзіне қарағанда экономикадағы ықтимал негативті өзгерістерге жедел түрде қарсы тұру және уақытылы дұрыс шешім қабылдау мақсатында апта сайын мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық даму туралы мониторинг жүргізу жоспарда қарастырылған. Іс-шаралар жоспарындағы 8 бағытқа жеке-жеке тоқталып өткен министр олардың барлығы мемлекеттік органдармен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «ҚазАгро» холдингімен келісілген. «Жоспардың негізгі ережелері Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржылық бақылау агенттігінің 2009 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірлескен мәлімдемесі қарастырылды», деді министр. Осы орайда Б. Сұлтанов әріптестерінің назарын жоспарда қарастырылған әрбір пунктті дер кезінде орындауға және шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаржыларды тезірек игеруге аударды.
Соңғы жаңалықтар