Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп шағын бизнестің бәсекеге қабілеттігін жоғарылататын бағдарлама әзірлеуде - Е. Досаев

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Еске сала кетейік, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын.
«Үкімет пен Дүниежүзілік қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы Шекті Келісімшартты жүзеге асыру шеңберінде Дүниежүзілік банкпен «Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату» бағдарламасының жобасы әзірленуде. Жобаның құны 11,4 млрд.теңгені (46 млн. АҚШ доллары) құрайды, оның ішінде сыртқы қарызды бірлесе қаржыландыру есебінен республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге (6 млн. АҚШ доллары), сыртқы қарыз есебінен 9,9 млрд. теңге (40 млн. АҚШ доллары) бойынша есептеліп, жүзеге асыру мерзімі 2019 жылды қоса есептегенде 5 жылға белгіленіп отыр», - дейді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде төрт бағыт айқындалған. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін дамыту. Бұл ретте шағын және орта бизнеске ұсынылатын мемлекеттік қолданыстағы қаржылық емес қолдауды, олардың мазмұнының сапасын және ұсынылу тетігін жақсарту, озық халықаралық тәжірибені енгізу және хабардарлықты жоғарылату арқылы жақсарту мен кеңейту жоспарлануда. Институционалды әлеуетті жоғарылату, жоспарлау және қаржылық емес қолдауды ұсынуды басқару жүйелерін дамыту стратегиясы әзірленетін болады. Екіншіден, бәсекеге қабілетті секторлардағы шағын және орта кәсіпорындар арасындағы өзара байланыс орнатылады. Осыған орай, шағын бизнестің ірі жергілікті және Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын халықаралық корпорациялармен нарықтық байланыстарын кеңейту жататын, жеткізушілерді дамыту қызметін құру жоспарлануда. «Бұл жергілікті мазмұн бойынша көрсеткіштерін жоғарылатуға ұмтылатын трансұлттық корпорациялардың, қазақстандық кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер сатып алуларында қазақстандық шағын бизнестің мүмкіндіктерін жоғарылатады. Осы мақсатта Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кластерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін институционалдық әлует кеңейтілетін болады», - деді министр.
Үшінші бағыт бойынша бағдарламалардың шағын және орта кәсіпкерлікке әсерін бағалау қамтылады. Төртіншіден, кәсіпкерлер үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін факторингті енгізу мүмкіндігін бағалау іске асырылатын болады.
«Жобаның жүзеге асырылуы Дүниежүзілік банк арқылы ұсынылатын 200 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік желі шеңберінде кредиттелетін шағын бизнес субьектілерінің өкілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба бойынша қарыз туралы Келісімнің күшіне енуінің ерекше шарттары болып табылатын, министрлікпен шараларды жүзеге асыру кестесі қабылданды және жобаны жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыру басталды», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.