Үкімет қаулысымен мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесіне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесіне өзгерістер енгізілді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылғы 20 желтоқсан № 1642

«Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов.

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары баспасөзде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар