Үкімет құрылымдық реформалар туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасайтын болады - К. Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет құрылымдық реформалар туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасайтын болады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді. Еске салайық, палата отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
None
None

«Елбасы жақындағы Жолдауында тарихи қадам жасады. Президент тапсырмасына сәйкес міндеттер бойынша бюджет қабылданса Қазақстан жаһандық дағдарыс аясында еліміздің алдында тұрған сын-қатерлерге қарсы тұра алады», - деді сенаторлар сауалына жауап берген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Бұл ретте Үкімет басшысы Елбасы Жолдауы аясында шешімін табатын басты мәселе - контрциклды бюджеттік саясат екенін атап өтті. Оның айтуынша, сыртқы сұраныс азайған кезеңде Ұлттық қорда жинақталған резервтерді жұмсаудың, соның ішінде инфрақұрылымын дамытудың мүмкіндігі туып отыр.

«Бұл жұмыс бойынша біз халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргіздік, олар негізінен инфрақұрылымдық ірі жобаларды қоса қаржыландырады. Жалпы, бұл қадам әлемдік қаржылық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланады», - деді К. Мәсімов. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Жолдауда айтылған екінші бағыт құрылымдық реформалар жасауға қатысты екенін еске салды.

«Біз жақын аралықта Мемлекет басшысына 2015 жылы жоспарланған мейлінше құрылымдық реформаларға қатысты ұсыныспен шығамыз. Бұлар негізінен қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістерді де қарастырады. Мұндағы басты мәселе - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жағдайындағы экономиканың түрлі секторына салынатын инвестициялар туралы болып отыр, нақтыласақ ондай инвестициялар өзін-өзі ақтаулары тиіс. Бұл үшін әлемде қалыптасқан оңтайлы тәжірибе бар әрі дәл осы жолмен Шығыс Еуропа елдері де бір кездері Еуропа одағына қосылғанда өткен болатын», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар