Үкімет отырысында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері қаралады
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Үкімет отырысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелеріне арналады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«15 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудегі дайындық барысы жөніндегі мәселелерді қарастыратын Үкімет отырысын өткізеді», -деп атап өтті ресми өкіл.
«ЭКСПО тақырыбын жалғастыратын болсақ, 15-17 қаңтарда Астанаға Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес келеді. Елордаға сапар аясында оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Премьер-Министр Серік Ахметов қабылдайды деп күтілуде»,-деді А. Әбибулаев.
Оның сөзіне қарағанда, Бас хатшы Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысовпен, сондай-ақ Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездеседі.
Сапардың мақсаты - ЭКСПО-2017 көрмесінің елордада өткізілуі және ұйымдастырылуы бойынша мәселелерді жан-жақты талқылау.