Үкімет отырысында су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелері қаралады

АСТАНА 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелері қарастырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ертең, 19 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен Үкіметтің отырысы өтеді. Облыс әкімдері селекторлық байланысқа шығып, отырыс барысында аймақтарда су тасқыны болған жағдайда облыстардың дайындығы мәселелері қаралуы көзделген», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар