Үкімет сағатында бәсекелестікті қорғау агенттігінің қызметі талқыланады

  СТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат -  Дүйсенбі, 15 қазанда Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, дүйсенбілік отырыста «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметінің негізгі бағыттары» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтеді.  Онда  Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасайды деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар