Үкімет шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 173 миллиард теңге жұмсады ? Қайрат Келімбетов

АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен жылы Үкімет шағын және орта бизнестің 5 мың жобасын қаржыландырды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда қала әкімімен экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруға бағытталған Меморандумға қол қою рәсімінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Дағдарысқа дейін қарыз алушылар үшін ақырғы несие мөлшерлемесі 18-25 пайызды құрады. Оны шағын және орта бизнестің өкілдері аса ауырсынған жоқ болатын. Дағдарыстан кейін ахуал өте күрделеніп кетті. Оларды қолдау мақсатында «50-50» деген бағдарлама қолға алынып, ол 104 пайызға орындалды. Сонымен қатар мемлекет басшысы Ұлттық қордан қосымша 1 миллиард доллар бөлу туралы шешім шығарды. Бұл қаражат менің ойымша, қаңтардың аяғына дейін банктердің есебіне түсетін болады», дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Қазіргі таңда қор екінші деңгейлі банктермен алдын-ала келісім жасасып болды. Онда несиенің шағын және орта бизнес өкілдерінің нақты қолына тиетін мөлшерлемесі 14 пайызды құрайды. Қайрат Нематұлының айтуынша, бұл қаражат жылдың алғашқы жартысында-ақ игерілуі тиіс. Ал келесі жартыжылдықта бұл салаға зейнетақы қорларынан инвестиция тарту көзделіп отыр. «Даму» қоры тарапынан банктер арқылы қайта қаржыландыруға кемінде 50 миллиардтай теңге бөлінбек. Олар «Қолдау» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді тікелей қаржыландыруға 12 миллиард теңге жұмсағалы отыр.
Соңғы жаңалықтар