Үкімет тау-кен өнеркәсібі үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын төмендету туралы шешім дайындап жатыр - Б. Жәмішев

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Үкіметі тау-кен өнеркәсібі саласындағы компаниялар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын төмендету туралы шешім дайындап жатыр.
None
None
Бұл туралы Қаржы министрлігінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Үкіметте тау-кен өнеркәсібіндегі пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын төмендету тәсілдері қаралды және төмендетілген ставкаларды белгілеу жөнінде шешім дайындалуда», деді алқада Б. Жәмішев. Оның айтуынша, тау-кен өнеркәсібі саласы үшін аталмыш салық ставкалары компаниялар тарапынан қазіргі уақытта сұранысқа ие болмай отырған жұмыскерлерін жұмыстан шығармаған жағдайда ғана төмендетілетін болады. «Бұл шара бір жағынан бюджетке түсетін кірістерге айтарлықтай әсер етпек, сонымен бір мезгілде ол қазіргі таңда еліміз экономикасының негізі болып табылатын тау-кен саласындағы кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру үшін қабылданып отыр», деді министр. Б. Жәмішев пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық Қазақстанның салық жүйесі үшін соны үрдіс болып табылатынын атап өтті. 2009 жылғы қаңтардың 1-нен бастап жұмыс істей бастаған Салық кодексі пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкаларын белгілеуде айтарлықтай икемді жүйені көздейді және табысы төмен кен орындары бойынша төмендетілген ставканы белгілеу мүмкіндігін қарастырады.
Соңғы жаңалықтар