Үкімет темір жол көлігін реформалауды кезең-кезең бойынша жүзеге асырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы жүктерді тасымалдау үшін вагондарды құрамдаушы тарифтерді мемлекетке бағынышты тарифтік реттеуден шығарып тастау, ал 2010 жылдан бастап тасымал қызметін де оңтайландыру қарастырылып отыр. Ал темір жол инфрақұрылымындағы мәселелерді шешу үшін ұзақ мерзімді реттеуші ретінде желілік келісім шарт механизмін ұсыну енгізіліп отыр. Оның аясында мемлекет темір жолдың ұзақ мерзімді сұранысын және өткізгіштік қабілетін анықтайды, ал темір жол саласына осы міндеттерді қолдап, орындау үшін жұмыстарды қаржыландыру көлемі қажет. Министрдің сөзіне қарағанда темір жол саласына қажетті субсидияның мақсатты көлемін жыл сайын бөлудегі мемлекеттің міндеттемесі бірқатар маңызды көрсеткіштерді бақылау механизмі арқылы темір жол саласының өз міндеттемелерін орындауының тиімділік дәрежесімен тікелей байланысты. Бұл ретте инвестиция көлемінің 72 пайыз сұранысын Қазақстан темір жолы компаниясының жеке қаржысы есебінен, 4 пайызын республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен, 24 пайызын жеке инвестицияларды тарту есебінен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
«Мемлекеттік бюджет қаржысы жеке сектордың және ұлттық компанияның инвестициясымен бірге жолаушылар тасымалдайтын жылжымалы құрамды жаңартуға жұмсалады. Республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 2020 жылға дейін жолаушылар тасымалын субсидиялаудың қажетті көлемі тиісінше 182 млрд. теңгені және 15 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар жолаушылар локомативін және вагондарын жаңартуға республикалық бюджет қаржысы есебінен 160 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 2,4 млрд. теңге қажет», деді министр.