19:35, 13 Сәуір 2022 | GMT +5
Үкімет үйінде ІТ саласын дамыту мәселесі талқыланды
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ақпараттық технологиялар саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Үкіметінің телеграмына сілтеме жасап.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда отандық ІТ-саланы қолдау және дамыту мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, Премьер-Министр Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру екендігін айтқан болатын.