Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті,

Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласының және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов БҰҰ әйелдерге қатысты барлық кемсітушіліктерді жою конвенциясының ережесін іске асыру бойынша елордада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, ал Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жауымбай Қараев БҰҰ әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы конвенциясының гендерлік аспектілері мен оның ережелерін іске асыруды ескере отырып, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлікті дамыту жөнінде өңірде атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

Отырыс барысында айтылған жайттарға қанағаттанушылық білдірген комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова аталған шараларды Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.