15:40, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Үкімет үйіндегі отырыста мұнай-газ кеніштерін игерумен айналысатын компаниялар жұмысының өзекті мәселелері қаралды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні, ақпанның 24-інде мұнай-газ мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.
ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, отырыста мұнай-газ кеніштерін игерумен айналысатын компаниялар жұмысының өзекті мәселелері қаралды, Қазақстанның экологиялық заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігі талаптары қойылды.