Үкіметке тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы ұсынылады
Айта кетерлігі, Елбасы тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу мақсатында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бойынша алдағы 15 жылда 1,5 млн. пәтер салуды тапсырған болатын. Бұл ретте сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана халықтың әлеуметтік-әлсіз бөлігіне, сонымен қоса жұмыс күшінің қозғалысын жоғарылату үшін ұсынылатын болады.
«Елбасының тапсырмасы шеңберінде «Бәйтерек» АҚ-мен сатып алу жолымен жалдамалы баспана құрылысы басталды және мұндай баспана құрылысына 20 жыл ішінде қайтару негізде Ұлттық қордан қаражат бөлінген. Осыған байланысты, басталған құрылыстың нысаналы бағытын сатып алу құқығынсыз баспана құрылысына өзгерту және оның қайтарымдылық мерзімінің ұзақтығын ескере отырып, бөлінген қаражаттың қайтарымдылық мерзімін 60 жылға дейін белгілеу ұсынылады. Бағдарлама мақұлданған жағдайда, министрлік тиісті жұмыстар атқаратын болады. Өз кезегінде, кредиттік баспана құрылысы баспанаға мұқтаждарды тұрғын үй құрылысы жинақтау құралдарын қолдануға ынталандыратын болады. Сонымен қоса, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қолдау одан әрі жалғасатын болады. Осыған орай, тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы әзірленуде. Оны Үкіметтің қарауына 19 шілдеде ұсыну жоспарланып отыр», - деді министр.