Үкіметте мемлекеттік шығыстардың тиімділігін талдау әдістемесін құру мәселесі қаралды

ҚР Президенті ағымдағы жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу міндетін қойды.
Әдістемені әзірлеу жұмыстарының барысы туралы Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Есеп комитетінің бірінші басшыларының орынбасарлары баяндады.
Талдау мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік әсерін көрсетуі тиіс: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қызметкерлердің кірістерін ұлғайту, жұмыс күшінің сапасын жетілдіру, сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейтуді және төленетін салықтар көлемін ұлғайтуды қоса алғанда, экономикалық әсерді бағалау.
Б. Сұлтанов Талдауды әзірлеу барысында 2018 жылдан бергі барлық Мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын жұмсау тәжірибесіне әлеуметтік-экономикалық анализдің ретроспективасын ескеруді тапсырды.
Бұл ретте Үкіметтің, Стратегиялық жоспарлау агенттігінің және Есеп комитетінің күш-жігерін үйлестіру қажет.