Үкіметте өңірлік су арналарын жеке инвесторларға беру мәселесі талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда су арналарын жекеменшік инвесторларға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

Мұндай ұсыныс су бұру жүйелерінің бюджетке салатын салмағын азайту мақсатында жасалып отыр.

«Бүгінде елді мекендерді сумен қамту жолында бірқатар проблемалар бар. Біріншіден, облыстық орталық пен ірі қалаларды (ҚЕМ) сумен қамтамасыз ету. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері зерттелді, 53 қала бойынша инвестициялық негіздеменің бағдарламасы әзірленді. Нәтижесінде, сектордың жалпы инвестициялық қажеттілігі 1,97 трлн теңгені құрайтыны белгілі болды, бұл республикалық бюджетке көп салмақ салады. Су арналарының нормативтік ысырабы 17-23% құрайды. Тарифтердің өсуін ескере отырып, қалалық елді мекендердегі су арналарын қаржыландыру бойынша бюджетке түсетін жүктемені төмендету орынды деп санаймын», - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа, ірі қалаларда қалалық коммуналдық су арналарының тиімсіз менеджментіне байланысты су ресурстарының ысырабы көп, тарифтер мен қаражатты жинау деңгейі төмен. Осы орайда, Қ. Бишімбаев, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қатынасын енгізу ұсынды.

«Сумен жабдықтау және су бұру секторын дамыту үшін, халықаралық тәжірибені талдау барысы, жеке капитал тартудың тиімділігін көрсетті. Облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін өңірлік су арналарын, бірінші кезекте облыс орталықтарындағы су арналарын, техникалық серіктестіктермен бірлесіп басқаратын, білімі мен тәжірибесі бар бірыңғай операторға беру ұсынылады. Содан соң инвестициялық мүмкіндігі бар жеке әріптесті тартқан орынды деп санаймыз, өйткені олардың шығындары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңда көзделген тетіктер арқылы өтелетін болады», - деді Қ. Бишімбаев.

Осыған байланысты министр, жекеменшік су арналарының ерекшеліктеріне байланысты инвестициялық шығындарды өтеу тетіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті, мысалы тарифтер арқылы өтеу, инвестициялық шығындарға тікелей өтемақы төлеу, мемлекеттен субсидия беру және тағы басқа. Бірыңғай оператор басқарған кезде су арналарын жекешелендіру үшін оларды коммерцияландыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.

«Сондай ақ, халықаралық қаржы ұйымдарымен табысты жұмыс істеп жатқан және жеке инвестор тартуға дайын су арналарының (Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар қалаларындағы су арналарының) ішінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша пилоттық жобалар белгілеу қажет. Пилоттық жобаларды іске асыру үшін су арналарының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарым-қатынасқа кезең-кезеңмен көшу кестесін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының шарттарын, индикаторларын және көрсеткіштерін әзірлеу қажет», - деп түйді ойын Қ. Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар