Үкіметте Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде - Б. Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметте Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі бойынша баяндаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

«Былтырғы бюджетте Ұлттық қордан берілетін трансферттердің үлесі 40 пайызға дейін өсті. Бұл экономикаға бюджеттің контрциклдық ықпалын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде», - деп атап өтті министр. Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызын, ал мемлекеттік борышы - 21,6 пайызын құраған. Бұл тәуекелді бастапқы мәндерден әлі де алыс, бірақ бұл сұрақ күнделікті бақылауда тұр.

«Тікелей нәтижелер бойынша 241 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілді. 39 индикаторларға қол жеткізілген жоқ, ал 28 индикаторлар бойынша есепті деректер кейінірек жарияланатын болады. Біз есептің талдамалы бөлігін тиімді көрсеткіштермен кеңейтеміз. Сонымен қатар, бюджеттің ашықтық индексі бойынша бізде оң серпін бар. Мәселен, 2008 жылы Халықаралық бюджеттік әріптестік бізге  35 балл берсе, былтырғы  2015 жылы бұл 51 баллды құрады», - деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар