Үкіметтік емес ұйымдар билік пен халықтың арасындағы дәнекер буынға айналып келеді

ОРАЛ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Үкіметтік емес ұйымдар билік пен халықтың арасындағы дәнекер буынға айналып келеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалығымен өткен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы кеңестің кезекті отырысында айтылды,

Үкіметтік емес ұйымдар билік пен халықтың арасындағы дәнекер буынға айналып келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында «Облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың 2009 жылы атқарған әлеуметтік маңызды жобаларының тиімділігі және алдағы міндеттер туралы» облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің хабарламасы тыңдалды. Онда атап көрсетілгеніндей, есепті мерзім ішінде басқарма басшылығы ҮЕҰ-ға арналған семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп, осы секторға қатысты жұмыстың барынша бұқаралық сипат алуына жағдай жасаған. Былтыр ҮЕҰ-ларға 20 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, 40 әлеуметтік жоба игерілді. ҮЕҰ-лардың ішінен «Спешиал олимпикс», «Диабет», тағы басқа ұйымдардың айрықша белсенділігін атап көрсетуге болады. Сондай-ақ Кәкен Көбейсінов, Мұрат Сыдықов, Айгүл Түркина сынды жекелеген ұйым басшылары өзгелерге лайықты өнеге көрсетіп жүр.

Басқосуда білім және ғылымды дамыту, қорғау бағытындағы «Ақжол» облыстық қоғамдық қорының президенті Мұрат Сыдықов, «БҚО жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрхат Жәкиев, «Спешиал Олимпикс Қазақстан» республикалық бірлестігі облыстық бөлімшесінің төрағасы Сергей Дмитрюк және басқалар сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды