Үкіметтік емес ұйымдар еңбек мигранттарының құқығын қорғау мәселесін талқылады ? ОҚО

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері еңбек мигранттарының құқығын қорғау мәселесін талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы тақырыптағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс кездесуін Көші-қон бойынша халықаралық ұйымдар мен «Сана Сезім» әйелдер бастамашылығы құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қазақстанның оңтүстігі көрші республикалардан келген еңбек мигранттары үшін тартымды. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары мұнда табыс табу үмітімен келеді. Алайда құқықтық сауаттың болмағандығынан адамдар заң бұзған болып шығады. Қиын жағдайға душар болған шетелдіктерге бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың консультациялық орталықтары көмек көрсетеді. Көші-қон бойынша халықаралық ұйымдар мен «Сана Сезім» әйелдер бастамашылығының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі осындай қызметтерде жүргізуде елеулі көмек көрсетіп келеді.
Соңғы жаңалықтар