18:23, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкіметтің 2008 жылғы қызметі: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Үкіметтің 2008 жылғы қызметінің басты басымдықтары қандай болды?
Бұл кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қандай? ҚазАқпарат сіздердің назарларыңызға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы ақпараттық-анықтамалық материалды ұсынады.Білім беру саласында. Есепті жыл ішінде Үкімет Мемлекет басшысының 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды және білім беру саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізді. Өткен жылы қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін енгізу және дамыту тұжырымдамасы ? ҚАЗТЕСТ енгізілді.ҚАЗТЕСТ жүйесі тестілеудің тиісті мемлекеттік стандартына сай қазақ тілін білу деңгейін бағалауға арналған.2008 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерге арналған мемлекеттік тіл бойынша тестілеу енгізілді. Қазіргі сәтте 825 үміткер тестілеуден өтті. Мектепке дейінгі және орта білім нысандарының құрылысы. Мектепке дейінгі білім беру желілері кеңейтілді. Қазіргі уақытта контингенті 269,3 мың бала болатын 1713 балабақша жұмыс істейді. 2007 жылмен салыстырғанда балабақшалардың саны 156-ға, контингенті - 22,4 мыңға өсті. 2008 жылы 17 балабақша салынды.
2008 жылғы желтоқсанның 25-індегі жағдай бойынша республикалық бюджет есебінен 24,2 орындық 31 мектеп салынды, жыл аяғына дейін 16,3 мың орындық 24 мектепті пайдалануға беру жосапарланған. Жергілікті бюджет есебінен 6394 орындық 30 мектеп пайдалануға берілді. Оқушылар орнының тапшылығы 42 681 бірлікке азайды. Екі ауысымда сабақ жүретін мектептердің саны ? 65-ке, үш ауысымда сабақ жүретіндердің саны ? 22-ге азайды.2008-2012 жылдарға арналған ҚР техникалық және кәсіби білім берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Бағдарлама кадрларды даярлаудағы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуды, бюджет қаражаты есебінен кәсіби лицейлерде оқитындардың санын 25 пайызға, колледждерде оқитындардың санын 30 пайызға артыруды; жыл сайын 1000 инженер-педагогтің біліктіліктерін арттыруды көздейді. ***
Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер оң нәтижені көрсетіп отыр. Бала туу 7 пайызға өсті, жалпы өлім 4 пайызға азайды. Мемлекет басшысының «100 аурухана» бағдарламасына қатысты тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылы 2007 жылы басталған 11 нысанның құрылысы жалғастырылуда, 60 нысан салына бастады, қалған 27 нысан 2009 жылы салынатын болады.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрамында 6 денсаулық сақтау инновациялық нысаны бар бірегей медициналық кластердің құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 500 орындық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, 300 орындық Республикалық балаларды оңалту орталығы, 160 орындық нейрохирургиялық ғылыми орталық және ауысымына 500 келушіні қабылдайтын Диагностикалық орталық жұмыс істейді. 2009 жылы 240 орындық жедел қызмет республикалық ғылыми орталығын, 2010 жылы 180 орындық Кардиохирургиялық орталық салу жоспарланған.
***
Мәдениет және ақпарат саласында. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2008 жылы Үкіметте ішкі саясат мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру саласында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.Маңызды 5 заң жобасы әзірленді. Олардың ішінде: «Мәдениет туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізу топтамасы, сондай-ақ саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтері мәселелері бойынша заң жобалары бар. Мәдениет саласында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Жалпы алғанда осы бағдарлама аясында іс-шараларды өткізуге арнап 2008 жылы 1 376,5 млн. теңге, 2004 жылы осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері барлығы 6 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалды.Ағымдағы жылы мемлекеттік медиаресурстарды тиімді басқару және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге барынша қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ірі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ жерүсті және спутникті телехабарларын таратуды біріктіретін «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі құрылды. Жалпы алғанда холдинг құрамына 22 республикалық бұқаралық ақпарат құралы берілді.Мұрағат ісі саласында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңейту бойынша іс-шаралар қолданылуда. Қазіргі уақытта ұйымдар мен жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 275 мың өтінім орындалды.Мемлекеттік тіл саясаты саласында мынадай негізгі сәттерді атаған орынды. Қазіргі мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдісі қалыптастырылды. Баламалы оқыту әдістемесі даярланды және шығарылды. Таралымы 20 мың данадан астам оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылды.Қоғамдық-саяси салада Мемлекет басшысының тапсырмасын атқару үшін 1,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 116 ғылыми-өндірістік бірлестіктің күшімен 230-дан астам мынадай шаралар атқарылды: халықты әлеуметтік қолдау, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу, ұлысаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, Жолдауды насихаттау, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін ақпараттық алып жүру және т.б. мәселелер бойынша әлеуметтік маңызды тапсырыстар іске асырылды.