15:27, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды жетістіктерінің бірі ? банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету - Қ. Келімбетов
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат. Кеше, ақпанның 25-де Елбасы Н. Назарбаев қатысқан дағдарысқа қарсы бағдарламаның ағымдағы қол жеткізген қорытындылары жөнінде жиын болды. «Бес ауқымды іс» бағдарламасы аясындағы төрт бағыт «Самұрық-Қазына» қоры арқылы жүзеге асырылып жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алғашқы бағыт ? қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету, деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов жиында сөйлеген сөзінде. - Өздеріңіз де білесіздер, төрт банкті қосымша қаржыландыру бойынша шешім қабылданған. Анығырақ айтсақ, банктердің акционері болатындығымыз туралы алғашқы шешім былтыр қарашада қабылданған еді. Қаңтардың 15-де біз Қазкоммерцбанк пен Халық банкінің әрқайсысына 120 млрд.теңгеден бөлсек, ақпанның 2-де БТА банкі мен Альянс банктің акционерлік капиталына кіру жөніндегі шешімге сай, БТА банкке 212 млрд.теңге, Альянс банкке 24 млрд.теңге бөлінді. Соңғы күндері бұл банктердің орнықтылығы жайлы көп әңгімелер болды. Кеше Елбасы мемлекеттің төрт банкті қолдайтындығын, сондықтан да салымшылар мен клиенттердің ешнәрсеге алаң болмауын, өйткені, мемлекеттің банк жүйесін қолдайтындығын және осы жүйенің тұрақтылығын сақтайтындығын нақтылап айтты. Бұл дегеніміз?дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген ақша түрінде ғана емес, сонымен қатар, мемлекет қолдауы мына жайттардан орын алады: ұлттық компаниялар мен даму институттарының депозиті күйінде, Үкіметтің шешімі түрінде болатын іс-шаралар банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалады.
Үкіметтің 2007, 2008, 2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды жетістіктердің бірі?банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету. Өздеріңз де көріп отырғандарыңыздай, бүкіл әлемде банктер мемлекет меншігіне түбегейлі өтіп жатыр, ал кейбір банктер тіпті, жабылып жатыр. Ал Қазақстанда, банк жүйесінің тұрақтылығы бар. Бұл банк қауымдастығы мен мемлекеттің біріккен жетістігі. Осылайша, төрт жүйе құраушы банктер төңірегіндегі қауесеттерге нақты жауап бар. Мемлекет басшысы, жоқ жерден жік іздейтін арандатушыларға тоқтау қажеттігін, ал халық банк жүйесіне сенім артуы керектігін айтты. Банктердің кей клиенттері бізге банк шарулары жайлы сауалдар қойған еді. Біздің айтарымыз мынау: БТА банкі мен Альянс банкінде жұмыс істеп жатқан жаңа басшылық және Қазкоммерцбанк пен Халық банкінде істеп жатқан басшылық?барынша жауапты адамдар. Олар бар қиындықты жеңе алады, - деді Қ. Келімбетов.