ҰҚК: 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз әкету әрекеті анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Шекарада 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.
ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
Тек осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.
Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.
Айта кетелік ҰҚК Шекара қызметі темекі контрабандасының ірі партиясын анықтаған еді.