ҰҚК Ақтау теңіз-сауда порты басшысының ұсталғанын растады

АҚТАУ. KAZINFORM – «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

КНБ
Фото: online.zakon.kz

- Ұлттық қауіпсіздік Комитеті аталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ресми жауапта.

Бұған дейін, 29-мамыр күні Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының президенті қамауға алынғанын, тергеуді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.

Дереккөз  «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қазір уақытша тергеу изоляторында жатқанын хабарлаған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар