ҰҚК Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған терактінің алдын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

ҰҚК
Фото: ҰҚК

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

- Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапқа тартылды, оның 6-сы шетелдіктер, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар