ҰҚК қыркүйек айында пара алу мен беруге қатысты 10 деректі анықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Қыркүйек айында ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 13 құқық бұзушылықты тіркеді.

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;
- 366-бап (пара алу) - 5;
- 367-бап (пара беру) - 5;
- 234-бап (экономикалық контрабанда) - 1;
- 287-бап (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) - 1.
Сотқа келесі 9 қылмыстық іс жіберілді:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 3;
- 190-бап (алаяқтық) - 1;
- 366-бап - (пара алу) - 3;
- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) - 1;
-385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 1
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетелік шекара қызметі бір айда 1,3 мыңнан астам контрабандалық әрекетті анықтаған еді.