18:34, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығы ведомствоаралық комиссиясының отырысында жетінші қысқы Азия ойындарын өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Лаңкестікке қарсы орталығының ведомстоаралық үйлестіру комиссиясының бүгін өткен кезекті отырысында 2011 жылғы жетінші қысқы Азия ойындарын өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Комиссияның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, республикалық министрліктер мен ведомстволардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыс қатысушылары Азия ойындары қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында тиісті хаттамалық шешім қабылдады.